Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Батыр ауылдық округінің әкімі Қ.Абыхановтың 2016 жыл бойынша атқарылған жұмыстар және жақын перспективаға жоспарланған міндеттері туралы есебі


Ауыл әкімінің тұрғындарды және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күні аптасына екі рет (сәрсенбі-жұма күндері, сағ. 09.00-18.30 аралығы) жүргізіледі. Есепті жылдың ішінде1438 мемлекеттік қызмет көрсетілді.301 азамат қабылданды. Қабылдауда негізгі көтерілген мәселелер – ауылішілік жол салу, тұрғын үйлерді электр және газ желілерімен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысын салуға және кәсіпкерлік мақсатқа жер телімдері, ауылдың басжоспарына енбей қалған жер телімдері туралы.  Ауыл әкімінің аппаратына тұрғындардан жыл басынан бері 242арыз түсіп тіркелген, 238-ықанағаттандырылып, 4 басқа арыз иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік және өңірлікбағдарламаларды іске асыру барысында Батыр ауылында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Электрмен қамтамасыз ету.2016 жылы Батыр ауылішілік ВЛ-0,4кВ электрмен қамту құрылысы толықтай аяқталды. Жоба бойынша қойылатын 43 КТП-ның 43-і, 12000 дана электр бағаналарының толығымен орнатылып,8 шағын ауданға көше жарығына 2040 көше бағанасы қосылды. Жобаның жалпы құны – 1 684 млн.теңге, мердігер мекеме – «Айком ЛТД» ЖШС-і.

Газбен қамтамасыз ету. Екі кезеңнен тұратын Батыр ауылішілік төменгі қысымды газбен қамту құрылысы да 2016 жылы толықтай аяқталып халық игілігіне берілді. Батыр ауылішілік газдандыру құрылысының екінші кезегі 2016 жылы жүзеге асырылды /жалпы құны 1 400 млн.теңгені құрайды/ «Казтрансгазаймақ» АҚ-ның инвестициялық жобасына енгізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме – «АБТМ» ЖШС-і анықталды. Жобаның жалпы құны – 2 774 млн.теңгені құраған болатын. Күні бүгінге 731 тұрғын үй газға қосылып отыр.

Ақ бұлақ  Бағдарламасын  іске асыру барысында  2020 жылға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қажет делінген. Батыр ауылдық округінің Хазар шағын ауданында орналасқан сыйымдылығы 4800метр куб болатын екі резервуары бар су сораптау стансасы толық күшімен жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына  ауыз су қолжетімді бағамен /4,2 м3 – 1900т/ және дер кезінде беріліп отыр. Батыр ауылдық округін ауылішілік ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2016 жылы 1, 2  кезек бойынша– 730 млн.теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «Альянс ЛТД» ЖШС жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып, қызу жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрай  ды, келісім шарт құны – 1,6 млрд.теңге. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында толықтай аяқталып халық игілігне берілетін болады деп күтілуде.

Коммуналдық шаруашылық:

Батыр ауылдық округі бойынша 2016 жылдың қаржыландыру жоспарынасәйкес, елді мекенді жарықтандыруға 9782мың.теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді, көше жарығына 108 шамға қосымша таға да 2040 көше бағанасы қосылды. Көше жарығы сапалы түрде берілуде.

Ауылдың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығарумен «Мұнайлы Қызмет» ЖШСайналысады. Ауылдың санитарлық жағдайы талапқа сай, ауыл тұрғындарынан шағым жок, тұрмыстық қатты қалдықтар уақытында алынады.Ағымдағы жылы санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге 18468 мың теңге қаражатқа келісім шарт жасақталып, толықтай игерілді, 20 тұрғын жұмыспен қамтылды.

Ауылдың көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 11 947 мың теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді, Емір шағын ауданында Ауыл тұрғындары үшін демалыс саябағын ұйымдастыру мақсатында Емір шағын ауданындағы №10 орта мектеп ауласына 430 жас көшет отырғызылып, айналасы қоршалды. Емір шағын ауданы кіреберіс маңдайшасына «Батыр ауылы» деген  жазумен арнайы тұғыр орнатылды. Коммуналдық мекеме және жедел жәрдем қызметкерлеріне оңтайлы болу мақсатында әр шағын ауданның көшелерінің бастапқыларына көшенің аты және үй нөмірлері көрсетілген қосымша тақтайшалар орнатылды және 40 дана электр бағаналары безендірілді. Ауылдың «Өзен-Жетібай-Ақтау» автожолымен қиылысып кіретін жол бағыттарының екі қапталына жүгіртпе жолы бар электронды табло орнатылды.

Жыл басынан бері аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ветеринария стансасының қызметкерлерімен 578бұралқы ит ауланды,  иесіз иттерді аулау жұмыстары кестеге сәйкес орындалуда.

2016 жылы Батыр ауылдық округінің Емір шағын ауданынан жалға берілетін 20 және40 төрт пәтерлік тұрғын үй құрылысының инженерлік желісі құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны – 921 млн.теңге.

  Қазіргі таңда Батыр ауылында автокөлік жолдарының болмауы Өз кезегінде, оқушыларды мектепке тасымалдау және ауыз су автокөліктерінің қозғалысына, тұрғындардың жеке көліктерінің қозғалысына - әсіресе күз-қыс айларында қиындық туғызуда.Осыларды жойып, тұрғындарды көлік жолдарымен қамтамасыз ету мақсатында  2016 жылы «Өңірлерді дамыту» және «Жол картасы – Жұмыспен Қамту-2020» Бағдарламлары аясында Батыр ауылының 8 шағын ауданының  орталық көшелеріне 22 шақырым құрайтын қатқыл табанды жол төселіп халық игілігіне берілді.

  Сонымен қатар, Қызылтөбе-2 – Батыр ауылдық округі жолының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жоба құны – 61,1 млн.теңге. Келісім-шарт  құны – 55 млн.теңге. Жеңімпаз мекеме «Жан-Рин» ЖШС.

  Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, қоғамдық тасымалды оңтайландыру үшін «Батыр – Ақтау» бағытында күніне бір сағат сайын қоғамдық көлік қатынасы 2015 жылдың желтоқсан айынан бастапжолға қойылды. Аталған жолспара 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап Батыр ауылыішімен қозғалып  жиілігі 30 минут сайын автобус қатынасы үздіксіз ауыл ішінде ұйымдастырылып жүріп отыр.

Ауылда телефон байланысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау телекоммуникациялар дирекциясымен желісіз телефонмен қамтамасыз ету жөнінде келісім бар, тұрғындарға осы қызмет түріне қосылуға ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 16 қарашасынан бастап  Батыр ауылдық округінен «Қазпочта» АҚ-бөлімшесі ашылып, іске қосылды. Қазіргі таңда жалақы төлеу, зейнетақы беру, коммуналдық төлемдер, ақша аударымдары, мерзімдік баспасөзге жазылу, абоненттік жәшіктер жалға беру қызметтері көрсетілуде.

Билайн, Теле-2, Актив ұялы байланысын жақсарту мақсатында, жеке кәсіпкерлердің тарапынан орталық антеннасын орнату үшін жер телімі берілді, қазіргі таңда орталық антенналар орнатылып, халыққа қызмет көрсетуде.

Білім беру саласы бойынша.

Емір шағын ауданындағы  №10 орта мектепте 2015-2016 оқу жылын 820 оқушы мен тәмамдасақ, 2016-2017 оқу жылдарын 1601 оқушымен бастадық. Оның ішінде 1347 оқушы басқа шағын аудандардан 25 автобуспен тасымалданып оқытылуда, тасымалдаушы - ЖК Шамуратов. Мектепте  77мұғалім қызмет етуде, 2015-2016 оқу жылында мектепті 17оқушы бітіріп,  Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ауыл мектебінің орташа балы - 91 болып, аудан мектептері арасында жоғары орынды иеленді. 1 оқушы “Үздік аттестатқа”, 2 оқушы мемлекеттік грантқа ие болды, жалпы 14 оқушы жоғары оқу орындарында білім алуда.

Ауылдық округ шағын аудандарында барлығы 6803-ден асатын  тұрғын бар, оның ішінде мектепке дейінгі балалар саны  986, мектеп жасындағы балалар саны 1601, тұрғын үй саны 1811, жаңадан жеке тұрғын үй құрылыстарын салу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 

Денсаулық сақтау саласы.

Батыр ауылы бойынша тіркелген жүкті әйелдердің саны  178,  дүниеге келгенсәбилер саны 178, мүгедектер саны 60, оның ішінде  балалар -21, ересектер – 39. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті жақсарту мақсатында, Жалпы құны 230 млн.теңгені құрайтын ауысымына 50 адамды қабылдайтын барлық қажетті медициналық аспаптармен және мамандармен қамтамасыз етілген  ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс жасап тұр.Медициналық көмек көрсетудің негізгі көрсеткіштері – ана мен бала өмірі, туберкулезбен аурушаңдық, кеш тіркелген онкологиялық аурулар.

Ауылымызда  жыл  ішінде онкологиялық аурумен 5 адам, оның ішінде 1 бала, 4 ересек адам тіркелген. Туберкулездің жұқпайтын түрімен ауыратын 7 адам тіркелді. Сонымен қатар, арнайы жедел-жәрдем көлігі қызмет көрсетеді.

Қылмыс пен құқықбұзушылық.

Батыр ауылдық округінде 1 учаскелік инспектор және 1 учаскелік инспектордың көмекшісі бекітілген. 2016жылы селолық округ учаскелік полициясы тарапынан ауыл тұрғындарынан 215арыз қабылданып, олар бойынша заң жүзінде шешім қабылданды. 2016 жылдың басынан бері 17 қылмыс тіркелді, оның ішінде 14 қылмыс ашылып,  3қылмыс ашылмаған, аталған ашылмаған қылмыстар 1 алаяқтық, 1үй мүліктерін ұрлау болса тағы біреуі мал ұрлау қылмысы болып отыр.Батыр учаскелік полиция инспекторлары тарапынан құқық бұзушылықтыңалдын алу мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. ҚР ӘҚБтК-нің әр-түрлі баптары бойынша – 212 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, соның ішінде 138 тұлғаға әртүрлі көлемде айыппұл салынып, 74тұлғаға ескерту берілген.

 

Әлеуметтік сала бойынша.

Өткен 2016 жылы бір жолғы материалдық көмек сұраған 26 азаматтың арызы толығымен қанағаттандырылып,644000теңге аралығында қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар,  6 ауған соғысының ардагеріне  сый-сияпат берілді.  9 мамыр Жеңіс мерекесіне  Тыл ардагерлерімен ауыл ақсақалдарына түскі ас ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. «Мектепке жол» акциясы қарсаңында 71аз қамтылған отбасы оқушыларынажалпы құны 330 мың теңгеге оқу құралдары мен мектеп формасы,  спорттық киімдер алып берілді. Сонымен қатар, баспанасы жоқ  2 отбасыға құрылыс материалдары мен техникамен көмек көрсетіліп, баспанап тұрғызылды.«Қарттар күні» мерекесіне орай селолық округ әкімі аппаратының бастамасымен ауыл ақсақалдары мен әжелерге мерекелік дастархан ұйымдастырылып, сый-сияпат берілді.Желтоқсан айының 22 жұлдызында Батыр ауылы әкімінің шыршасы өтіп, көп балалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан және үздік оқитын 280 оқушыға тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы  «жастар іс-тәжірибесі» бойынша келген екі қызметкер ауылдық округ әкімдігіне тұрақты жұмысқа қабылданды.

2017 жылы атқарылатын жұмыстар селолық округ бойынша негізгі әлеуметтік-тұрмыстық өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында мақсатты жұмыстар болып табылады.

Ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-шаралар:

1.  «Саламатты Қазақстан» Бағдарламасын іске асыру мақсатында бұқаралық спортты дамыту, ауылдық округтен «Аула Клубын» ашу;

2.  Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жолға қою мақсатында Батыр ауылының шағын аудандарынан балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары, аялдамалар құрылыстарын салу жұмыстарын жоспарлау;

3.  «Жұмыспен қамту» Бағдарламасыаясында Батыр ауылында жұмыссыздардың санын азайту, жеке кәсіпкерлерді қолдау арқылы табысы аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету;

4.  Батыр ауылішілік автомобиль жолы құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан алу бойынша нақты шаралар алу;

5.  Мұнайлы ауданы орталығы Маңғыстау селосына қатынайтын «Батыр-Маңғыстау селосы» бағытындағы  қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру .

6.  280 орындық балабақша құрылысының ЖСҚ-сын аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға ұсыныс беру.

7.  Батыр ауылының Алматы шағын ауданынан жаңа 960 орындықты мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға ұсыныс беру.

8.  Батыр ауылдық округіне «Қазақтелеком» АҚ байланыс желісін тартуға жұмыстану.

Әкім Қ.Абыханов

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары   Н. Жолбаев

Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Ш.Сұңғат


Ақпараттық ресурстар