Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Атамекен ауылдық округі әкімі М.Қалжановтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі


Атамекен ауылдық округі әкімі М.Қалжановтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы

  «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Сонымен қатар, ауылдық округ аумағында мемлекеттің саясатын жүргізу және ауылдық округтің даму жағдайын қалыптастыруға қызмет етуде.

 Атамекен ауылдық округінің 2016 жылдың қаңтар айындағы  статистикалық мәліметі бойынша халық саны 39126.

  Ауылдық округі әкімінің аппаратының бюджеті 383,6 млн теңге,  -   оның ішінде көше жарығына 23,9 млн теңге,

-  тазалық жұмыстарына 35,3 млн теңге,

-  абаттандыру мен көгалдандыруға 8,9 млн теңге,

-  мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарына  242,7 млн теңге 

  бөлінген.

  Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ҚР Заңының 39-бабының 6-тармағына сәйкес, «Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы қағидасын бекіту туралы» Мұнайлы ауданы мәслихатының шешімі негізінде қоғамдастық құрылып, экономикалық және қаржылық негізінде  қолма-қол акшаны бақылау шоты ашылды.Бұл шотта өзін-өзі басқару экономиқалық және өзін-өзі басқару қаржылық  негізінде кіріс көздерінен түсетін түсілімдерден түскен сомма 2,2 млн. теңгені құрап отыр.

  Ауылдық округі әкімінің азаматтары және жеке мәселелері жөнінде қабылдау аптасына 2 рет жүргізіледі, жыл басынан бері  есептік кезеңінде 875 адам қабылданған.

  Қабылдау негізгі көтерілетін мәселелер жер телімдері, тұрғын үй, әлеуметтік көмек және инженерлік инфрақұрылымды дамыту туралы. Тұрғындардан жыл басынан бері әр түрлі мақсатта 246 арыз түсіп қаралған.

Әлеуметтік көмек: Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) көрсету бойынша 16 өтініш қаралып қанағаттандырылған, 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік (ГДП) жәрдемақы алуға 40 отбасы, біржолғы материалдық көмек сұраған 522 азаматтың арызы қанағаттандырылып, өкпе ауруына шалдыққан 34 азаматқа қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, мереке күндері (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне, 14 наурыз мерекесіне, 22 наурыз мерекесіне, 1 мамыр, тәуелсіздіктің 25 жылдығы және т.б.) қарсаңында демеушілердің көмегімен:

127 отбасына азық түлікпен көмек;

11 отбасына қолма-қол қаржылай көмек;

75 балаға халықаралық балдардың құқық қорғау күніне сыйлық,

  250 балаға мектепке жол акциясы аясында,оқу құралдары, мектеп формасымен көмек;

Ұлы Отан соғысының 20 тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп,  сыйлық берілді.

Жыл басынан бері 8 «Алтын алқа», 18 «Күміс алқа » медальдарына құжаттар қабылданып, тиісті органдарға ұсынылды.

 2016 жылдың әлеуметтік экономикалық  даму қортындысы:

Атамекен ауылдық округінің елді мекендерін сапалы электр желісімен қайта құрылымдау жобасы бойынша аяқталмай қалған  Көктем, Шағала, Қаламақас, Туған ел және Атамекен тұрғын массивтерінде жаңа электр бағаналарын және көше шамдарын орнату бойынша 316, 3 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді. Мердігер мекеме «БейнеуГазСервис» ЖШС-гі.

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық округінде құбыр арқылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоба жасақталған болатын жоба құны - 1 525,8 млн. теңге, құрылыс жұмыстарын  бастауға 2016 жылы 400,0 млн. теңге бөлінді. 2017 жылға құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтауға 976, 3 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Нұржол Құрылыс» ЖШС-гі.  Аяқталу мерзімі 2017 жылдың қырқүйек айы.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» шеңберінде Атамекен ауылдық округіндегі жаяу жүргінші жолын төсеуге 40,0 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға Арай т.м. мен №12 орта мектеп, Шағала бала-бақшасына дейін, Арай т.м. мен Атамекен т.м. орталығына, Жалын т.м. орталық көшесіне және Арман т.м. орталық көше бойына Көктем т.м. Қаламқас тұрғын массивтеріне жаяу жүргіншілер жолы салынып қолданысқа берілді. Мердігер мекемелер «Ақтау НШ» және «Нәзір» ЖШС-тері.

«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойыншакоммуналдық инженерлік инфрақұрылымдарды жөндеуге 7 адам жолданды. Екінші бағыты бойынша «ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» 4 адам жолданды. Үшінші бағыты бойынша  Жастар іс тәжірибесіне 18 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам жолданып жаңадан ашылған жұмыс орындарына тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны-136.

Білім беру саласы бойынша: Атамекен ауылдық округінің мектеп жасындағы балалар саны 5204, олардың 2454 оқушы 2 ауысым тәртібімен  №7 орта мектепте 2600 оқушы №12 орта мектепте. Ақтау қаласының №23 орта мектебінің  орыс сыныптарына150 оқушылары тегін тасымалданып оқытылуда.

640 орындық №7 орта мектепті кеңейту мақсатында 320 орындық қосымша құрылысын салу үшін ұсыныс беріліп ЖСҚ жасақталып мемлекеттік сараптамада қаралуда.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымы бойынша 280 орындық мемлекеттік «Шағала» балабақшасында 280 бүлдіршін және  Балапан мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған жекеменшік балабақшалар есебінен 785 бала қамтылды. Қазіргі таңда, мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымына 872 бала кезекте тұр.

Денсаулық сақтау саласы бойынша медициналық қызмет сапасын жетілдіру және тұрғындардың денсаулығын жақсарту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп бақылануда. Ауылдық округте тұрғындарға 1 жедел жәрдем, 2 БМСККО орталығы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Одан басқа облыстық денсаулық басқармасының қолдауымен жылжымалы медициналық кешен бөлініп беріліп, аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.

Мәдениет және спорт саласы бойынша ауылдық округте мәдениет үйі және аудан әкімі қолдауымен ашылған Атамекен аула клубы жұмыс жасайды. Атамекен аула клубында (домбыра, тоғыз құмалақ, ән, сурет салу, би т.б.) үйірмелеріне  333  оқушы тәрбиеленуде. Сонымен қатар, орта мектептер спорт залында қосымша қазақша күрес, волейбол, баскетбол т.б. спорт түрлеріне 700 бала қатысады. Ауылдық округте 200 орындық кітапханамен мәдениет үйі құрылысын салу үшін жер телімі бөлініп, ЖСҚ жасқталды. Жоба құны 412,3 млн. теңге Ауылдық округте 2 спорт зал құрылысын салу үшін жер телімі бөлініп, ЖСҚ-сына 2,5 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынды. Мердігер мекеме «АТК Жаңа Өзен» ЖШС. Жоба құны – 516,2 млн теңге.

Ауылдық округтер даму бағдарламасы бойынша:

Атамекен ауылдық округінің елді мекендермен Ақтау қаласына «Асар-С» базарына шығатын 3,6 шақырым автомобиль құрылысы жолын салуға ЖСҚ жасақталып қортындысы алынды, 2017 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес, 77,9 млн.теңге қаражат көзі қарастырылуда.

Сонымен қатар, 2017 жылы Атамекен ауылдық округінен Жалын тұрғын үй массиві арқылы Ақтау қаласының «Гуларша ЖЖКБ» дейінгі автокөлік жол құрылысының ЖСҚ-н жасақтауға 4,9 млн. теңге бөлінді.

Коммуналдық шаруашылық Ауылдық округті ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Маңғыстау жылу» МКК-ның 2000 текше метр ауыз су резервуары тұрғындарға, судың 1 текше метрінің бағасы жеке тұлғаларға – 237,84 теңге, ал заңды тұлғаларға 423,26 теңге.

Ауылдық округтің тазалық жұмыстарын «ОРСТЭК» ЖШС кестеге сәйкес жүзеге асырады. 2016 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес  35,3 млн. теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді. Ауылдың көгалдандыру және аббатандыру жұмыстарына 7,7млн. теңге бөлінген қаржы есебінен ауылдық округтің көшелеріне қатқыл табанды жол төселді. Сонымен қатар наурыз айында болған толассыз жауған жаңбыр салдарынан бүлінген көшелерді және тұрғын үйлердің аулаларын қалпына келтіру  және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімшілігінің қолдауымен штаб құрылып аудан және Ақтау қаласына қарасты коммуналдық мекеменің көмегімен Көктем тұрғын массивіне көше арықтарын орнату көп көлемде жиналған сулардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар,  бюджетті нақтылау кезінде аталған мәселелер қаралып, нәтижесінде Атамекен ауылдық округі бойынша жер асты дренаж құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ЖСҚ жасақталуда, құны 12,2 млн. теңге. Мердігер мекеме «ПСК Капстройпроект» ЖШС.

Ауыл шаруашылығы.Қазіргі таңда, ауылдық округ бойынша мал бас санын айтар болсақ: ірі қара мал – 70, қой- ешкі 435, жылқы – 5, түйе – 4, шошқа –97 құрайды.

Сонымен қатар, ауданда тұрғындарды қаңғыбас ит тістеуден сақтау мақсатында құрылған бригадалар кестеге сәйкес, қаңғыбас иттерді жою бағытында жұмыстарды атқарып келеді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 1 548 бас ит ауланды.

Қылмыспен құқық бұзылушылықтың  алдын алу мақсатында ауылдық округ аумағында 2 учаскелік тірек пунктінде 4 учаскелік инспекторлары, 5 инспекторлардың көмекшілері және 2 ювенальдық полиция инспекторы жұмыс жасайды. Ауылдық округте жаңадан салынған ішкі істер бөлімшесінің тірек пункті аяқталып қолданысқа берілуде. Учаскелік полиция тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 202 қылмыс тіркелген. Оның ішінде ұрлық қылмысының 66 дерегі тіркелген. Алаяқтық қылмысының 95 дерегі ашылған, 6 дерегі ашылмаған. Тонау қылмысының  2 дерегі ашылмаған, 6 дерегі ашылған. Жалпы тіркелген қылмыстардың 60 % ашылған.

Алда тұрған міндеттері:

1.  Ауылдық округте 200 орындық кітапханамен мәдениет үйінің ЖСҚ-сы жасақталды.Құрылыс жұмыстарына қаржы көзін қарастыру.

2.  Атамекен ауылдық окрігінен 2 спортзал құрылысына жобалық сметалық құжаттары жасақталды.Құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы көзін қарастыру .

3.  640 орындық №7 орта мектепке қосымша 320 орындық құрылыс жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары жасақталуда. ЖСҚ-ң қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарына қаржы қөзін қарастыру.

4.  Атамекен ауылдық оқругінің Ақтау қаласының «Асар-С» базарына дейінгі 3,6 км автомобиль тас жол құрылысын ЖСҚ-ң қортындысын алып,2017 жылы құрылыс жұмыстарын бастау.

5.  Атамекен ауылдық округі бойынша жер асты дренаж құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қортындысын алып, құрылыс жұмыстарын бастау.

Келісілді  Н.Жолбаев

Ш.Сұңғат


Ақпараттық ресурстар